$ 448.45 € 501.59 ₽ 5.36

ШҚО-да жеке үйде өрт шығып, әйел екі баласымен қаза тапты

Өртті сөндіру барысында әйел адамның және екі кәмелетке толмаған баланың денелері табылды.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы Бобровка ауылында тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Өртті сөндіру барысында әйел адамның және екі кәмелетке толмаған баланың денелері табылды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жедел жетті. Құтқарушылар келген кезде тұрғын үй толығымен отқа оранып, шатырдың бір бөлігі құлаған.

Өрт 63 шаршы метр аумақта толық сөндірілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#өрт #ШҚО