$ 453.93 € 508.72 ₽ 5.35

Көкшетауда жұмысшы 5 метр биіктіктен құлап кетті

Полиция департаменті оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Фото: massaget.kz
Фото: massaget.kz

Көкшетаудағы Васильков шағын ауданында жұмысшы биіктіктен құлап кетті. Әлеуметтік желілерде тараған мәліметке сәйкес, ол кемінде 5 метр биіктіктен құлаған. Сондай-ақ жұмысшының ауыр жарақат алуы мүмкін екені айтылды, деп хабарлайды деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Полиция департаменті оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта болған жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр.

«Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта жағдайдың мән-жайы анықталып жатыр», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Ақмола облысының Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті де оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Ведомствоның хабарлауынша, жұмыс берушіден жазатайым оқиға туралы ресми хабарлама түспеген.

«Ақмола облысының Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментіне жұмыс берушіден жазатайым оқиға туралы ешқандай хабарлама түскен жоқ. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп жатыр», – деп хабарлады департамент.

Сонымен қатар ведомство жұмыс берушінің жазатайым оқиға туралы уақтылы хабарламауы әкімшілік жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін ескертті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0