$ 453.93 € 508.72 ₽ 5.35

ҚР СІМ Сауд Арабиясындағы шабуылдарға қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстан хуситтердің шабуылын қатаң айыптады. 

Фото: Егемен Қазақстан
Фото: Егемен Қазақстан

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі хусит жасақтарының Сауд Арабиясындағы азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасаған, адам шығынына әкеп соққан шабуылдарын қатаң айыптады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ведомствоның мәлімдеуінше, мұндай шабуылдарға гуманитарлық тұрғыдан жол беруге болмайды және олар халықаралық құқық нормаларын бұзады.

Министрлік бұл әрекеттер Йемендегі ахуалды тұрақтандыру жөніндегі күш-жігерге нұқсан келтіріп, қақтығысты саяси жолмен реттеуге кедергі келтіретінін атап өтті.

— Шабуылдарды дереу тоқтатуға және дағдарысты тек саяси-дипломатиялық құралдар арқылы шешуге шақырамыз, — делінген мәлімдемеде.

Сондай-ақ Қазақстан Сауд Арабиясымен ынтымақтастығын растап, Корольдіктің БҰҰ Жарғысына сәйкес өз егемендігі мен қауіпсіздігін қорғауға құқылы екенін мәлімдеді.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0