Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Шымкентте су құбырын жөндеу жұмыстары кезінде екі жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Алдын ала мәлімет бойынша, 20-22 жастағы үш жұмысшы қала орталығындағы терең шұңқырға түскен. Алайда біраз уақыттан кейін олардың сыртқа шықпағанын әріптестері байқап, көмекке барған.
Құтқарушылар жұмысшыларды шұңқырдан алып шыққан. Алайда екі жігіттің өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Үшінші жұмысшы аман қалып, оған алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілген.
Полицияның алдын ала мәліметінше, жұмысшылар құдық ішіндегі улы газдан уланған болуы мүмкін.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Сонымен қатар еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуына жауапты тұлғалар анықталуда.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.