$ 453.65 € 509.99 ₽ 5.31

Маңғыстауда балықтан уланған 9 жастағы бала көз жұмды

Баланың қайтыс болғанын туыстары растады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Маңғыстауда балықтан уланып, жансақтау бөліміне түскен 9 жастағы бала көз жұмды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.  

Баланың қайтыс болғанын туыстары растады. Олардың айтуынша, бала кеше, 6 қазанда жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Туыстары баланың өлімі бұған дейін өзі тұтынған үй жағдайында дайындалған балықтан улануымен байланысты болуы мүмкін деп есептейді.

Баланың ауруханаға түскен әкесінің жағдайы тұрақтанған. Отбасының тағы екі ересек мүшесі облыстық көпбейінді ауруханада ем қабылдап жатыр.

Медициналық мекеме жағдайға қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0