17.09.2026, 09:00

Асфальт жерге кіріп кеткен: Ақтөбеде жұрт шұрық-тесік жолмен жүруге мәжбүр

Фото: видео скриншот

Жергілікті тұрғындар жауапты жол қызметтерінен қауіпті учаскеге назар аударуды сұрап отыр.

Ақтөбедегі Ақжар-2 тұрғын алабы маңындағы Родниковка тасжолының жағдайына тұрғындар шағымданды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жолдың кей тұсында асфальт ойылып, жерге батып кеткен, ал жол жиегінде үлкен шұңқырлар пайда болған. Бұл бағытпен Ақшат елді мекеніне қатынайтын автобус пен көптеген жеңіл көлік күн сайын жүреді. Тұрғындар жолдың қазіргі күйі көлік қозғалысына кедергі келтіріп, әсіресе қыс түскенде қауіп күшеюі мүмкін екенін айтады. Мәселе 15 қыркүйекте түсірілген видеода анық көрінеді.

Жергілікті тұрғындар жауапты жол қызметтерінен қауіпті учаскеге назар аударуды сұрап отыр.

 

Видео: @diapazon_narodnyi