16.09.2026, 21:30

Экс-депутат Геннадий Шиповских жаңа қызметке тағайындалды

Фото: Казинформ

Алайда ол «Қазақстан темір жолындағы» нақты қызметі мен лауазымын атаған жоқ. 

Бұрынғы Мәжіліс және Сенат депутаты Геннадий Шиповских «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында жұмысын бастағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, еңбек жолының теміржол саласынан басталғанын еске салды. Экс-депутаттың айтуынша, араға бірнеше жыл салып, бұрынғы кәсіби ортасына қайта оралуға мүмкіндік туған.

«Еңбек жолым теміржол саласында басталған еді. Енді араға жылдар салып, қайтадан осы үлкен ұжымның құрамына қосылдым. Алдағы уақытта «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының мүддесін қорғап, жаңа міндеттерді атқаруға кірісемін», – деп жазды Шиповских.

Алайда ол «Қазақстан темір жолындағы» нақты қызметі мен лауазымын атаған жоқ. Экс-депутат жаңа міндеттеріне кіріскенін ғана хабарлады.