Тұрғындар жаз бойы сусыз отырғанын, ал мәселе бойынша жауапты мекемелерден нақты жауап ала алмай жүргенін айтады.
Алматыдағы Алатау ауданының тұрғындары су мәселесі шешілмей отырғанына шағымданды.
Олардың айтуынша, су желісіне қосылу үшін 550 мың теңге төлеген, бірақ үйлеріне әлі күнге дейін тұрақты су берілмеген.
Тұрғындар жаз бойы сусыз отырғанын, ал мәселе бойынша жауапты мекемелерден нақты жауап ала алмай жүргенін айтады.
Шағым иелері Алматы әкімдігін, Алатау ауданы әкімдігін және су шаруашылығына жауапты мекемелерді белгілеп, жағдайды тексеруді талап еткен.
Сондай-ақ олардың сөзінше, ауданда су қысымы жоқ, бұл мәселе қысы-жазы қайталанады. 550 мың теңгенің кімге және нақты қандай қызмет үшін төленгені постта көрсетілмеген, сондықтан тұрғындар жауапты органдардан осы жайтқа да түсініктеме күтеді.
Видео: @sun_star_day