$ 447.88  516.58  5.29

Ұлдана Мырзуан ісі: сотта 8 жыл бұрынғы тексеру мәселесі көтерілді

Сотта Жасұлан Мырзахметов 2018 жылы аталған үйге тексеру жүргізілгенін растады.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сотта куәгерден 2018 жылы көпқабатты үйді тексеру кезінде оның қасбеті қаралды ма деген сұрақ қойылды. Алайда Жасұлан Мырзахметов сегіз жыл бұрынғы тексерістің нақты мән-жайларын еске түсіре алмады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Сотта Жасұлан Мырзахметов 2018 жылы аталған үйге тексеру жүргізілгенін растады. Оның айтуынша, бұл туралы іс материалдарындағы құжаттар мен ақпараттық базаға енгізілген мәліметтер дәлел бола алады.

Алайда қорғау тарапы тексеру актісіндегі мәліметтерге қатысты бірқатар сұрақ қойды. Құжатта ғимараттың техникалық жағдайы мен инженерлік жабдықтарын жоспарлы тексеруге қатысты құжаттардың талапқа сай рәсімделмегені көрсетілген. Бұл заң бұзушылық «елеусіз» деп бағаланған.

Қорғаушы тексеру кезінде ғимараттың нақты қандай бөліктері қаралғанын және анықталған бұзушылықтың не себепті осындай санатқа жатқызылғанын сұрады. Куәгер сегіз жыл бұрын болған тексерістің нақты мән-жайларын есіне түсіре алмайтынын айтты.

Оның сөзінше, мұндай тексеру кезінде инженерлік желілердің жағдайына қатысты құжаттар қаралуы және ғимаратқа көзбен шолу жасалуы мүмкін. Алайда тексеру актісіндегі жазбаға қарап, сол кезде үйдің қасбеті тексерілген-тексерілмегенін нақты айту мүмкін емес.

Сот отырысында тексеруден кейін нұсқама берілген-берілмегені де сұралды. Жасұлан Мырзахметовтің айтуынша, нұсқама анықталған заң бұзушылықтарға байланысты беріледі. Ал осы үй бойынша тексеруден кейін мұндай құжат рәсімделді ме, жоқ па — куәгер оны да есіне түсіре алмады.

Тексеруден кейін нұсқама міндетті түрде берілмейді. Егер заң бұзушылық анықталмаса, нұсқама жасалмайды. Бұл тексеруден кейін нұсқама болды ма — есімде жоқ, — деді куәгер.

Сонымен қатар сот 2017 жылы жүргізілген үйдің техникалық жағдайын тексеруге қатысты құжаттарды зерттеді. Куәгер сол тексерудің нәтижелері 2018 жылғы тексеруге негіз болған-болмағанын да нақты айта алмады.

Мырзахметовтің түсіндіруінше, ғимараттың техникалық жағдайы «қанағаттанарлық» деп бағаланған жағдайда, тек ұсыныс сипатынд

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0