Оқиға «Хан Шатыр» сауда орталығы маңындағы «Ғашықтар саябағында» болған.
Астанада мысырлық тревел-блогер Ахмед Хаггаг (Haggagovic) полицей қыздарды көтеріп, айналдырған видео желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оқиға «Хан Шатыр» сауда орталығы маңындағы «Ғашықтар саябағында» болған. Видео әлеуметтік желіде тарап, көпшіліктің назарын аударған.
Осыған байланысты Астана қаласының Полиция департаменті қызметтік тексеріс басталғанын мәлімдеді. Ведомство қорытындысы бойынша тәртіп бұзған қызметкерлер жауапқа тартылатынын хабарлады.
Ахмед Хаггаг – әлем елдерін аралап, саяхаттары туралы контент түсіретін танымал блогер. Ол осы уақытқа дейін 193 мемлекетте болып, әлеуметтік желілерінде 10 миллионнан астам оқырман жинаған.