Тұрғындарды басқа баспанамен қамтамасыз ету немесе нарықтық құны бойынша өтемақы төлеу мәселесі де әзірге шешімін таппаған.
Апатты деп танылғанына үш жылдан асты: Атырауда тұрғын үйдің балконы опырылып түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Атырауда Қаршымбай Ахмедияров көшесіндегі №2 апатты үйдің балконының төменгі бөлігі опырылып түсті, абырой болғанда, сол сәтте астында адам болмаған.
1965 жылы салынған 47 пәтерлі үй 2023 жылғы 30 наурызда «EvoCom» ЖШС қорытындысы бойынша апатты деп танылғанымен, тұрғындар әлі күнге дейін көшірілмеген. Қалалық ТКШ бөлімі мен тұрғын үй инспекциясы нақты қоныс аудару мерзімін атамаған, мәселе жаңа тұрғын үйлер салынған сайын кезең-кезеңімен шешілетінін айтқан.
Тұрғындарды басқа баспанамен қамтамасыз ету немесе нарықтық құны бойынша өтемақы төлеу мәселесі де әзірге шешімін таппаған.
Бұған дейін қалада апатты деп танылған 89 тұрғын үй бар екені және оларды көшіру кезектілікпен жүргізілетіні хабарланған.
Видео: azh.news