$ 456.89  531.36  5.32

Құрылтайда сауал қоймайтын депутаттар не істейді?

Фото: Құрылтай баспасөз қызметі
Фото: Құрылтай баспасөз қызметі

Құрылтай депутаты Үнзила Шапақ депутаттың жұмысын тек мінберден сауал оқуымен бағалау дұрыс емес екенін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның сөзінше, бір отырыста 12 депутат сауал жолдауы қалған депутаттар белсенді емес дегенді білдірмейді. Депутаттар заң жобаларын талқылауға қатысып, түзетулер енгізіп, жұмыс топтарында өз саласы бойынша ұсыныс береді. Сондықтан сауал оқымағаны үшін депутаттың жалақысын қысқарту немесе оның жұмысына төмен баға беру дұрыс өлшем емес екенін жеткізді. Үнзила Шапақ қазіргі Құрылтай құрамында заңгерлерден бастап спортшылар мен басқа да саланың кәсіби мамандары барын атап өтті. Оның айтуынша, депутаттардың нақты жұмысы заң жобаларын талқылау кезінде және кәсіби біліктілігін тиісті мәселелерде қолдануынан көрінеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0