Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
9 қыркүйек күні кешке Шымкентте 65 жастағы ер адам жас көршісімен төбелестен кейін көз жұмды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал тұрғын үйлердің бірінің ішінде басталған. Кейін екі ер адам аула сыртына шығып, жанжал сол жерде жалғасқан. Олардың төбелесі сыртқы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Жазбада жас жігіттің жасы үлкен көршісіне бірнеше рет соққы жасағаны көрінеді. Салдарынан зейнеткер жерге құлаған. Алайда бейнежазбада ер адам құлағаннан кейін де соққы алғаны байқалады.
Оқиғаның куәгері бала болған.
Төбелестен соң жас жігіт аулаға кіріп кеткен. Біраз уақыттан кейін ол қолына белгісіз орама ұстап, қайтадан көшеге шыққан. Оның ішінде не болғаны және жанжалдан кейін нақты қандай жағдай орын алғанын тергеу анықтайды.
Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.