Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
10 қыркүйекте синоптиктер Қазақстанның барлық облысы мен елордада дауылды ескерту жариялады. Өңірлердің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде нөсер жаңбыр жауып, бұршақ түсіп, жел күшейеді. Жекелеген аудандарда тұман түсіп, шаңды дауыл соғады. Елдің оңтүстік-шығысында 37 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Көптеген облыста жоғары және төтенше өрт қаупі бар, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Астанада жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең батысында тұман түседі. Батысы мен солтүстігінде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Жоғары өрт қаупі күтіледі. Көкшетауда жоғары өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, жел күшейеді. Күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең батысында тұман түседі. Батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Қостанай облысының солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең батысында, солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Күндіз шығысында оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі, оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанайда түнде және таңертең тұман түседі.
Павлодар облысының орталығында, солтүстігі мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Павлодарда да жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысында жоғары өрт қаупі күтіледі. Қарағандыда жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысының солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең солтүстігінде тұман түседі. Таңертең және күндіз солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда да төтенше өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігі мен таулы аудандарында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде шығысы мен оңтүстігінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с-қа жетеді. Оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысының солтүстік-батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысында күндіз ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріліп, қатты ыстық болады. Орталығында, батысы мен шығысында төтенше өрт қаупі, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта да төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында 10 және 11 қыркүйекте күндіз Алакөл маңында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық сақталады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда да жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл облысының оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Таразда да төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының батысы мен таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз солтүстігінде шаңды дауыл соғады. Батысында, солтүстігі мен таулы аудандарында солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкентте де төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда таңертең және күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.