Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Президент Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Мемлекет басшысы қаржы нарығын реттеу мен дамытудың биылғы 8 айдағы нәтижелері және алдағы кезеңге арналған міндеттер туралы есепті тыңдады.
Мәдина Әбілқасымова:
банктер туралы жаңа заңды іске асыру аясында заңға тәуелді актілер базасы толығымен жаңарғаны, 80 нормативтік-құқықтық акті қабылданғаны жөнінде баяндады.
Банктердің активтері 75,6 триллион теңгеге дейін (6,9 пайызға) ұлғайған, капиталдың жеткіліктілігі 20,7 пайызды құрайды.
Агенттік қадағалау қызметі шеңберінде 8 айда қаржы секторы субъектілеріне 279 инспекторлық тексеру жүргізген. 190 қадағалау шарасы қолданылып, 465 миллион теңге сомасында айыппұл салынған.
Микроқаржыландыру және коллекторлық агенттіктер нарығында жұмыс істейтін 13 субъекті лицензиясынан айырылды, ал алтауының лицензиясы уақытша тоқтатылып, 4 коллекторлық агенттік тізілімнен шығарылды.
халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту және экономиканы қаржыландыруды кеңейту шаралары жөнінде мәлімет берді.
Бизнеске арналған кредиттер 3,5 пайызға ұлғайып, 16 триллион теңгеге жетті. Кәсіпкерлікке жаңадан берілген кредит көлемі жыл басынан бері 19,1 пайызға өсіп, 12,5 триллион теңгені құрады.
Реттеу шараларының нәтижесінде 7 ай ішінде тұтынушылық несиенің өсімі 4,6 пайызға дейін баяулады.
Биыл шілде айынан бастап мерзімі кешіктірілген берешекті ұжымдық реттеудің Finkelisimkz платформасы іске қосылды.
Жыл соңына дейін азаматтардың арыз-шағымдарын қарау үшін Бірыңғай қаржы омбудсмені кеңсесі жұмыс істей бастайды.
Мемлекет басшысына Капитал нарығы мен сақтандыру нарығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын, сондай-ақ «Капитал нарығы туралы» және «Сақтандыру нарығы туралы» жаңа заң жобаларын әзірлеу жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы жайында есеп берді.
қаржы секторын цифрландыру және оған жасанды интеллектіні енгізу туралы ақпарат ұсынды.
Агенттік жасанды интеллект технологиясына негізделген FinAI бірыңғай қадағалау платформасын құрған. Жыл соңына дейін Қаржы нарығына жасанды интеллектіні енгізу стратегиясы әзірленеді. Құжатта ақпараттық қауіпсіздік пен деректерді қорғаудың бірыңғай тәсілдері қарастырылады.
Мемлекет басшысы:
қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, қаржы саласында жасанды интеллектіні кеңінен пайдалану, экономиканың нақты секторларын кредиттеуді арттыру, сондай-ақ капитал мен сақтандыру нарығын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.