Оқиғаға қатысты Mercedes көлігінің жүргізушісі ұсталды.
Ақмола облысының Макинск қаласында 8 жастағы қызды көлік қағып, бала көз жұмды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Қайғылы оқиға анасының көз алдында болған.
Полицияның мәліметінше, бала жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған. Қыз ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Оқиғаға қатысты Mercedes көлігінің жүргізушісі ұсталды.
Әлеуметтік желідегі жазбаға пікір білдірген тұрғындардың көпшілігі бұл аумақта жаяу жүргіншілер өткелі, жолдағы жасанды кедергі және бағдаршам жоқ екенін жазған.