Қазіргі уақытта авиациялық апаттың нақты себептері анықталған жоқ.
АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Диего қаласында орналасқан Монтгомери Филд әуежайында жеңіл ұшақ апатқа ұшырап, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
California Post мәліметінше, әуе кемесі әуежайдың ұшу-қону жолағында апатқа ұшыраған. Апаттан кейін нысан уақытша жабылды.
Оқиға орнына шамамен 30 өрт сөндіруші жұмылдырылған. Құтқару қызметтері апатқа ұшыраған ұшақтағы өртті сөндіру жұмыстарын жүргізді.
Қазіргі уақытта авиациялық апаттың нақты себептері анықталған жоқ. Жергілікті полиция оқиғаның мән-жайын зерттеп, тергеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.