ЖКО-дан зардап шеккен 37 жастағы ер адам 23 күннен бері жансақтау бөлімінде жатыр.
Бақытжан Базарбек қағып кеткен ер адамның жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. ЖКО-дан зардап шеккен 37 жастағы ер адам 23 күннен бері жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің мәліметінше, оның жағдайы политравма салдарынан ауыр.
Дегенмен жүргізіліп жатқан қарқынды терапия аясында оң динамика байқалады. Мамандар емді жалғастырып, науқастың жағдайын бақылауда ұстап отыр.