Полицияның мәліметінше, екі адамның денесінен оқ жарақатының белгілері анықталған.
Қарағандыдағы саяжай қоғамдарының бірінде екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оқиға 6 қыркүйекте Әлихан Бөкейхан ауданындағы саяжай қоғамдарының бірінде болған. Әлеуметтік желіде бұл «Оптимист» саяжай қоғамының аумағында болғаны туралы ақпарат тарады. Қаза тапқандардың бірі – саяжай қоғамының 43 жастағы төрағасы, екіншісі – 55 жастағы қоғам белсендісі.
Полицияның мәліметінше, екі адамның денесінен оқ жарақатының белгілері анықталған.
Аталған факті бойынша «Адам өлтіру» бабы негізінде қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру және тергеу шаралары барысында полиция қылмыс жасады деген күдікпен 56 жастағы ер адамды ұстады.
Күдікті өз кінәсін мойындаған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.