$ 456.56  530.52  5.28

Алматыда адамдар тұрып жатқан екі қабатты ғимарат өртке оранды

ФотО: видео скриншот
ФотО: видео скриншот

Алматыда Ұлжан-1 шағынауданында орналасқан екі қабатты ғимарат өртке оранды. Желіде жантүршігерлік видео тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

ТЖМ мәліметінше, «112» пультіне Алматы қаласының Алатау ауданындағы Ұлжан-1 шағынауданында, Балқұдық көшесінде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына шақырту нөмірі жоғары тәртіппен ТЖМ күштері жіберілді.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде екі қабатты ғимараттың шатыры жанғаны анықталды.

Іс-қимылдарды үйлестіру мақсатында оқиға орнында өрт сөндірудің жедел штабы құрылған. Құтқарушылар судың үздіксіз берілуін қамтамасыз етіп, өртті сөндіру жұмыстарына кірісті.

ТЖМ бөлімшелерінің үйлесімді іс-қимылының нәтижесінде өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0