06.09.2026, 17:30

Астанада салынып жатқан 12 қабатты үйден өрт шықты (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Осы сәтте елордалық ТЖМ құтқарушылары Астана қаласының Сарайшық ауданындағы А-32 көшесінде салынып жатқан он екі қабатты тұрғын үйдегі өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Алғашқы бөлімшелер келген кезде бірінші қабаттан жетінші қабатқа дейін жылу оқшаулағыш материалдың ашық жалынмен жанып жатқаны байқалды.

Дереу өрт сөндіру оқпандары берілді. Өртті толық сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді.

Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.