Сонымен қатар, бірқатар өңірлерде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
2026 жылғы 5 қыркүйекте, сенбіде Қазақстан аумағының басым бөлігінде кең ауқымды антициклон жүріп, соның негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК синоптиктеріне сілтеме жасай отырып, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Сонымен қатар метеорологтар еліміздің оңтүстік-шығысы мен батысында атмосфералық фронттардың жүруіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауатынын ескертеді. Оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында түнде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болуы мүмкін.
Ал Қазақстанның батысында, оңтүстігінде және шығысында қатты жел тұратыны болжанып отыр.
"Оңтүстік өңірлерде кей жерлерде шаңды дауыл соғуы мүмкін. Түнде және таңертең шығыс, оңтүстік-шығыс және орталық өңірлерде тұман түседі деп күтіледі", делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында түнде сынап бағаны 2 градус суықты көрсетіп, үсік жүретіні болжанады.
Сонымен қатар, бірқатар өңірлерде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады: