$ 455.86  528.84  5.25

Алматылық дәрігерлер 5 жастағы баланың ішегінен үш магнит алып шықты

Алайда, баланың магнит жұтып қойғанына біраз уақыт болған.

Фото: ДСМ
Фото: ДСМ

Алматыдағы №2 клиникалық балалар ауруханасының дәрігерлері біраз уақыт бұрын үш магнит жұтып қойған бес жасар баланы аман алып қалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, дәрігерлер үш магнитті баланың ішін тілмей, лапароскопия жолымен алмақ болған.

«Алайда, баланың магнит жұтып қойғанына біраз уақыт болған. Соның кесірінен асхазанына түскен бір магнит пен ішегіндегі екі магнит бір-біріне тартылып, ақыры осы органдардың терісіне зақым келтірген. Осыны көрген дәрігерлер отаны лапароскопия әдісімен бастаса да, артынан баланың ішін тіліп, үш магнитті алып шыққан», - деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Балаға ота жасаған дәрігер, №2 клиникалық балалар ауруханасы директорының орынбасары Марат Қаптағаевтың айтуынша, баланы аман алып қалу үшін осылай күрделі ота жасау керек болған.

«Ішек пен асқазанның арасында пайда болған жыланкөзді алып тастадық, үш магнитті де алып шықтық, ішкі органдардың терісін жазып, тігіп бердік. Операция сәтті өтті. Баланың беті бері қарап, үйіне шығар кезде жағдайы жақсы болды. Операция жасаған жері қабынбай, жақсы жазылған», - дейді дәрігер.

Дәрігер ең кішкене деген магниттің өзі бала денсаулығы үшін өте қауіпті екенін, ондай ойыншық алмау керегін, ал бала магнит жұтып қойды деген күдік туса, бірден ауруханаға келу керегін ескертті.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0