04.09.2026, 09:20

Бүгін жазушы Төлен Әбдіктің туған күні (ВИДЕО)

2004 жылы «Парасат майданы» повесі үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ие болды.

1942 жылы Торғай облысында, қазіргі Қостанай облысында жазушы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР еңбегі сіңген қызметкері Төлен ӘБДІК дүниеге келді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін 1965 жылы филолог мамандығы бойынша тәмамдаған, 

Еңбек жолы: пионер жетекшісі (1958); «Социалистік Қазақстан» газетінің әдеби қызметкері, «Қазақстан пионері» газетінің бөлім меңгерушісі (1965-1969); «Жалын» альманахының аға редакторы, бас редактордың орынбасары (1969-1977); «Қазақфильм» киностудиясының бас редакторы (1977-1979); Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті мәдениет бөлімінің нұсқаушысы, сектор меңгерушісі (1979-1990); «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы (1990-1991); Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы (1991-1994); ҚР Президентінің мәдениет, әдебиет және өнер мәселелері жөніндегі көмекшісі (1994-1996); ҚР Мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңесінің хатшысы (01.1996-12.1996); ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары (1996-2003); ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-саяси бөлімінің бас инспекторы (2003-2008).

Төлен Әбдіктің кітаптары бірқатар шет мемлекетте жарық көрген. Оның шығармалары Еуропада кеңінен танылып, Франц Кафка атындағы халықаралық әдеби сыйлықпен атап өтілген.

2004 жылы «Парасат майданы» повесі үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Оның повесі желісімен 1983 жылы «Белгісіз ұлдың хикаясы» фильмі түсірілді.