01.09.2026, 18:20

Биыл қазақстандықтарды қажылыққа 4 компания апарады - ҚМДБ

Фото: abai.kz

Мүфтият конкурс жариялай отырып, азаматтарды қажылыққа апаратын туроператорларды іріктейтін болды.

2027 жылы қазақстандықтарды тек төрт туристік компания ғана қажылыққа апара алатын болды. Яғни, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының конкурсынан осы төрт компания ғана іріктеліп өткен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Айта кетейік, жыл сайын қажылыққа барғысы келген қазақстандықтар лицензиясы жоқ турфирмаларға алданып, ақшасынан айырылып жатады.  Сондықтан, қазіргі тәртіп бойынша Мүфтият конкурс жариялай отырып, азаматтарды қажылыққа апаратын туроператорларды іріктейтін болды.

«Іріктеудің негізгі мақсаты – қазақстандық қажыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру, отандастарымыздың Сауд Арабия аумағында қауіпсіздігі мен құқықтарын қамтамасыз ету, сондай-ақ Сауд тарапының қажылық саласына қатысты заңды талаптарын сақтау. Туристік фирмаларды арнайы құрылған комиссия іріктейді. Олардың лицензиясын мүфтият «Туристік Қамқор» корпоративті қоры арқылы тексереді», - деп хабарлайды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.

Осылайша, мүфтият 2027 жылғы қажылық маусымын ұйымдастыру жұмыстарына лайықты деп келесі туроператорлар іріктеп алған:

«Атлас Туризм» ЖШС «Нұрхан Тревел» ЖШС «Тауаф Тревел» ЖШС. «Хикмет Тревел» ЖШС

«Сонымен қатар, аталған ашық конкурстан өтпей қалған туроператорлар заңды түрде белгіленген тәртіпте жоғарыдағы туроператорлардың бірімен субагенттік негізде қажылық сапарын ұйымдастыруға мүмкіндігі бар», - деп хабарлайды Мүфтият.