$ 462.31  536.09  5.34

Екі айға шыдамаған асфальт: Түркістан облысында жаңа жол қайта бүлінді

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

 

Түркістан облысының Келес ауданында жуырда жөнделген республикалық маңызы бар жол екі айға жетпей бүлініп, тұрғындардың наразылығын туғызды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Абай ауылынан Жетісайға қарай, Лесбек батыр елдімекеніне жетпей, Яллама өткізу пунктіне апаратын жолдың кей бөлігі ойылып, шұңқырлар пайда болған. Тұрғынның айтуынша, бұл жолға асфальт төселгеніне небәрі бір айдай уақыт өтсе де, қазір кей тұсы сын көтермейді. Жол арқылы Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан және Иран бағытындағы көліктер қатынайды, ал жүргізушілер шұңқырларды айналып өтуге мәжбүр. Жол республикалық маңызы бар болғанымен, Түркістан облысындағы жауапты билік өкілдері мәселені назардан тыс қалдырмай, сапасыз жөндеуге қатысты нақты шара талап етуі керек. Миллиондаған теңге жұмсалатын жолдың аз уақыт ішінде қайта бүлінуі жөндеу сапасына бақылау қаншалықты жүргізілді деген сұрақ туғызады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0