$ 462.31  536.09  5.34

«Түнде тіземнен ұстай бастады»: пойыздағы 65 жастағы ер адам жас қызға тиіскен

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

 

29 тамызда Қызылордадан Алматыға бағыт алған пойызда жас қыз өзімен бір купеде келе жатқан 65 жастағы ер адамның орынсыз әрекетіне тап болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қыздың айтуынша, жолаушы оған қайта-қайта қарап, тым жақын келіп, аяғын тигізген. Түнде ұйықтап жатқан кезде ер адамның тізесінен ұстап жатқанын сезген соң, оны видеоға түсіріп, жолсерікке хабарлаған. Жолсерік полиция шақыруды ұсынғанымен, қыз сол сәтте ресми арыз жазбаған. Кейін ол болған жағдайды әлеуметтік желіде жариялап, мұны басқа жолаушылар сақ болсын деген мақсатпен бөліскенін түсіндірді. Әзірге оқиғаға қатысты ресми органдардың қорытындысы жарияланған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0