Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Астанада қайғылы жол-көлік оқиғасы болды. Велосипедпен келе жатқан әйел жүк көлігінің астына түсіп, қаза тапты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жол көлік оқиғасы кешкі сағат 22:50 шамасында болған.
«Сағат 22:50 шамасында 46 жастағы әйел Жолымбет көшесінің бойындағы тротуарда велосипедпен келе жатқан. Бестөбе көшесімен қиылыста әйел велосипедтегі басқаруды жоғалтып, өтіп бара жатқан «Газель» автокөлігінің артқы дөңгелегінің астына құлап кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тергеу жалғасуда.