Атырауда К. Ахмедияров көшесіндегі №2 тұрғын үйдің балконы қирап, конструкцияның бір бөлігі жерге құлаған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Тұрғындардың айтуынша, балкондардың қазіргі жағдайы алаңдатарлық, өйткені үйдің маңынан күн сайын ересектер де, балалар да өтеді. «Келесі бөлігі адамның үстіне құлауы мүмкін» деп қауіптенген жұрт қауіпті аумақты дереу қоршап, үйдің техникалық жағдайын тексеруді талап етіп отыр. Кадрлардан ғимарат қабырғасының ескіріп, балкон маңындағы сылақ пен құрылыс бөліктерінің үгітіліп тұрғанын көруге болады. Осындай жағдайда қала әкімдігі тұрғындар дабыл қаққаннан кейін ғана әрекет етпей, ескі үйлердің жағдайын алдын ала тексеріп, адам өміріне қауіп төндіретін нысандарды бақылауға алуы керек. Енді жауапты мекемелердің бұл үйге қашан тексеру жүргізіп, қауіпті балкондарға қатысты қандай шара қабылдайтыны маңызды.