29.08.2026, 21:30

Құрылтайдың ресми сайты іске қосылды

Фото: Sputnik / Санат Имангалиев

Онда заң жобаларының мәтіндері, анонстар мен талдамалық материалдар жарияланады.

Қазақстан Республикасы Құрылтайының quryltai.kz ресми сайты іске қосылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Сайтта:

Құрылтай мен оның депутаттарының қызметі туралы өзекті ақпарат;

заң жобаларының мәтіндері;

анонстар мен талдамалық материалдар жарияланады.

Сондай-ақ сайтта отырыстардың онлайн-трансляциялары, фото және бейнематериалдар қолжетімді болады.