Бұл туралы Kursiv.Media мәлімдеді.
Ақмола облысының Красивое ауылындағы теміржол станциясында ер адам қозғалыстағы вагонның астына түсіп, ауыр жарақат алған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Kursiv.Media мәлімдеді.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам вагон қозғала бастаған кезде теміржол рельсінің бойында болған. Оның құрам маңында қандай жағдайда жүргенін қазір полиция анықтап жатыр.
Зардап шегушінің екі қолы ауыр жарақаттанып, көп қан жоғалтқаны белгілі болды. Ол Есіл аудандық ауруханасына жеткізілген. Ер адамның жергілікті тұрғын емес, көрші өңірден іссапармен келгені анықталды.
Оқиғаға қатысты Көкшетау станциясындағы көліктегі полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полицияның мәліметінше, іс теміржол көлігінің қозғалысы мен оны пайдалану қауіпсіздігі талаптарын бұзу фактісі бойынша тергелуде. Тергеу құпиясына байланысты өзге ақпарат әзірге жарияланбайды.