Сот ұйымдастырушыны кінәлі деп танып, бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Павлодарда «ХАС» қаржы пирамидасын ұйымдастырып, оған қатысқан адамдарға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Тергеу мәліметінше, 2022–2023 жылдары қылмыстық топ Астана, Павлодар, Алматы, Екібастұз және басқа қалалардың тұрғындарынан жоғары табыс табуға уәде беріп, ақша жинаған. Нәтижесінде 376 азамат пирамидаға 2 млрд теңгеден астам қаржы салған.
Сот ұйымдастырушыны кінәлі деп танып, бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Қылмыстық іске қатысқан өзге тұлғаларға да әртүрлі мерзімге жаза берілді.
Іс аясында қылмыстық жолмен алынған мүлік тәркіленді. Оның ішінде Астана мен Павлодардағы жер учаскелері мен пәтерлер, 18 автокөлік және 300 млн теңгеден астам қаражат бар.
Кейін қосымша 139 жәбірленуші анықталып, оларға 882,8 млн теңге көлемінде залал келтірілгені белгілі болды. Осы деректер бойынша жаңа тергеу жүргізіліп, іс сотқа жолданған.
Жалпы алғанда, «ХАС» қаржы пирамидасынан зардап шеккен 515 азаматтың шамамен 3 млрд теңге көлеміндегі залалы анықталды. Олардың бір бөлігіне келтірілген шығын өтелген.
Прокуратура азаматтарды қысқа уақытта жоғары әрі кепілді табыс табуға уәде беретін қаржы схемаларынан сақ болуға шақырды. Мұндай ұсыныстар қаржы пирамидасының негізгі белгілерінің бірі болуы мүмкін.