Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жол апатына қатысты тиісті іс-құжаттарды жинақтап жатыр.
Атырау-Астрахань тасжолында жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Атырау облыстық Полиция департаментінің ақпаратына сүйенсек, жол апаты 26 тамыз күні сағат 05:30 шамасында аталған тасжолдың 721-шақырымында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Ipsum автокөлігінің жүргізушісі көлікті басқару жүйесін игере алмай, жол жиегіне аударылып қалған.
Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, тағы төрт адам түрлі дене жарақатын алды.
Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жол апатына қатысты тиісті іс-құжаттарды жинақтап жатыр.
Полиция азаматтарға алыс жолға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын тексеруді, жолда барынша мұқият болуды және көлік жүргізу кезінде ұялы телефон пайдаланбауды ескертеді. Сондай-ақ жүргізушілерге белгіленген жылдамдық режимін сақтауға шақырды.