Келісім аясында Астана мен Эр-Рияд арасында тікелей тұрақты әуе рейстерін ашу жоспарланып отыр.
Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы әуе қатынасы кеңейтіледі. Екі ел тұрақты рейстер санын аптасына 28-ден 70-ке дейін ұлғайтуға келісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Тиісті келісімге 26 тамызда Эр-Рияд қаласында Қазақстанның көлік вице-министрі Талғат Ластаев пен Сауд Арабиясының Азаматтық авиация бас басқармасының президенті Сулейман бин Ахмед Альбассам қол қойды.
Жаңа уағдаластықтар тұрақты әуе қатынасын дамытуға, сондай-ақ екі ел арасындағы сауда-экономикалық, туристік және іскерлік байланыстарды нығайтуға бағытталған.
Келісім аясында Астана мен Эр-Рияд арасында тікелей тұрақты әуе рейстерін ашу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Қазақстан мен Сауд Арабиясының өзге де қалалары арасындағы әуе бағыттарын көбейту көзделген.