26.08.2026, 15:40

Талғар ауданында нан дүкенінің иесі пышақ жарақатынан қаза тапты

Фото: Zakon.kz

Бұл туралы әлеуметтік желіде ақпарат тараған.

Алматы облысының Талғар ауданындағы Ақтас ауылында нан дүкенінің иесі пышақ жарақатынан қаза болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы әлеуметтік желіде ақпарат тараған.

Аталған деректі Алматы облысының полициясы растады. Ведомство мәліметінше, адам өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Жедел-іздестіру шаралары кезінде 56 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полицияның хабарлауынша, ол өз кінәсін мойындаған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жәбірленуші мен күдікті арасында жанжал туындаған. Салдарынан күдікті ер адамға пышақпен екі рет соққы жасап, оқиға орнынан қашып кеткен.

Қазір тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.