21.08.2026, 16:20

Алматыда жолға таласқан жүргізушілер төбелесті (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Бостандық аудандық полиция басқармасы бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Алматыда жолдағы жанжал төбелеске ұласып, 41 жастағы Mercedes жүргізушісі 30 жастағы қарсыласына бірнеше рет соққы жасаған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бостандық аудандық полиция басқармасы бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында Kia Rio және Mercedes автокөліктерінің жүргізушілері арасында ауызша жанжал болғаны анықталды.

«Жанжал кезінде 41 жастағы Mercedes жүргізушісі 30 жастағы қарсыласына бірнеше рет соққы жасаған. Күдікті ұсталып, Алматы қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Күдіктінің әрекетіне құқықтық баға беріліп, оның нәтижесі бойынша ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады», – делінген ПД хабарламасында.

Полиция жол қозғалысына қатысушыларды сабыр сақтап, көлік жүргізу кезінде агрессияға жол бермеуге шақырады. Кез келген жанжалды төбелеске және қылмыстық жауапкершілікке жеткізбей, сөзбен шешуге болады.