$ 458.23  535.99  5.46

Алматыда қайын енесіне зорлық жасады деген ер адам ұсталды

Полиция мәліметінше, күдікті 17 тамызда 1961 жылы туған қайын енесінің үйіне шай ішуге барған.

Фото: Орда
Фото: Орда

Алматыда ер адам қайын енесіне сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Полиция мәліметінше, күдікті 17 тамызда 1961 жылы туған қайын енесінің үйіне шай ішуге барған. Туыстарының айтуынша, ол әйелдің дәрменсіз жағдайда болғанын пайдаланып, оған қарсы сексуалдық сипаттағы зорлық әрекетін жасаған.

Аталған ақпаратты Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Аталған факті бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның әрекетіне принципті әрі объективті құқықтық баға беріледі. Кінәсі дәлелденген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Айта кетейік, бұл жағдай бойынша арызды жәбірленушінің қызы, яғни күдіктінің әйелі жазған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0