06.08.2026, 21:30

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Қаза тапқан қыздың әкесі қайтадан 100 миллион теңге талап етті

Фото: әлеуметтік желіден

Сот бірінші сатыдағы үкімді өзгеріссіз қалдырып, жәбірленуші тараптың шағымын қанағаттандырмады. 

Алматы қалалық соты биыл наурызда Әл-Фараби даңғылында болған адам өліміне әкелген жол апатына қатысты қылмыстық іс бойынша апелляциялық шағымды қарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Сот бірінші сатыдағы үкімді өзгеріссіз қалдырып, жәбірленуші тараптың шағымын қанағаттандырмады.

Алматы қалалық соты 2026 жылдың наурыз айында Әл-Фараби даңғылында болған адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына қатысты апелляциялық шағымды қарап, бірінші сатыдағы соттың үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Іс материалдарына сәйкес, апелляциялық шағымды жол апатынан қаза тапқан жолаушылардың бірінің әкесі берген. Ол азаматтық талап бөлігін қайта қарап, сотталған азаматтан моральдық шығын ретінде 100 миллион теңге өндіруді сұраған.

Сот қаулысында жәбірленуші тарап сотталған адамның кінәсін, оның әрекетінің құқықтық саралануын немесе тағайындалған қылмыстық жазаны дауламағаны көрсетілген. Өз кезегінде сотталған азаматтың адвокаты апелляциялық шағымға қарсылық білдірген.

Апелляциялық алқа істі қарап, Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының үкімін өзгеріссіз қалдыру, ал жәбірленуші мен оның а