06.08.2026, 11:20

25 миллион талап етіп отыр: Бишімбаевтың анасы экс-келінін сотқа берді (ВИДЕО)

Фото: azattyq ruhy

Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы жары Назым Қаһарман экс-енесі оның үстінен қаржылық талап-арыз түсіргенін хабарлады.

Назым Қаһарманның айтуынша, бұрынғы күйеуінің отбасы тарапынан соңғы екі жылда оған қарсы төртінші рет сот процесі басталып отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы жары Назым Қаһарман экс-енесі оның үстінен қаржылық талап-арыз түсіргенін хабарлады. Қаһарманның сөзінше, талап етілген сома мөлшері – шамамен 25 миллион теңге.

«Талап-арыз бұрынғы енемнен түскен 25 миллион теңгеге қатысты. Кейде бұрынғы енеңіздің атын ұмытып кеткенде, ол сізді әлі де ұмытпаған болып шығады. Бұрынғы күйеуіңіз өкпелемейді, сіздер баяғыда ажырасып, өмірдің бұл тарауын жапқансыздар, ал бұрынғы енеңіз сізді ешқашан ұмытпауы мүмкін екен. Менің оқиғам дәл осы туралы сияқты», - деді ол.

Назым Қаһарман соңғы екі жылда бұрынғы күйеуінің отбасы тарапынан өзіне қарсы төртінші сот шағымы түсіп отырғанын атап өтті. Бұл ретте оның өзі сотқа тек бір-ақ рет ата-аналық құқықтан айыру кезінде ғана жүгінгенін айтады.

«Осы уақыт ішінде мен тек бір арыз бердім. Ал маған қарсы төрт арыз түсті. Олардың түсінігінде барлық нәрсеге мен айыпты сияқтымын, ажырасқаныма да, өз пікірімді айтқаныма да, балалардың туыстарымен араласқысы келмейтініне де. Барлық бақытсыздыққа дерлік мені кінәлі деп санайды», - деп мәлімдеді ол.

Қаһарманның айтуынша, талап-арыз екінші баласы дүниеге келгеннен кейін өзі айналысқан бизнеске байланысты. Ол фитнес-клубты сенімгерлік басқару шарты негізінде басқарғанын, ал мүліктің бұрынғы күйеуінің анасына рәсімделгенін түсіндірді.

«Ол кезде енеммен жолым болған екен деп ойлайтынмын. Мен оны керемет әйел деп санадым. Қазір сенімгерлік басқару шарты тұзаққа айналуы мүмкін екенін түсінемін. Егер бизнес күйеуіңіздің туыстарына осылай рәсімделсе, бір күні олар талап қойып, сот арқылы ақша талап етуі мүмкін», - деді Қахарман.

Сондай-ақ ол болған жағдайды балаларының өте ауыр қабылдағанын айтты.

«Осы талап-арыздан кейін балалардың жүрегі түпкілікті жараланған сияқты. Өйткені ол бұл миллиондарды талап ету арқылы, мәнін алғанда, оны өзінің немерелерінен тартып алып жатыр. Мұның не үшін жасалып жатқанын түсіну маған қиын. Меніңше, бұл балаларға төнетін салдарға қарамастан, бұрынғы келіннен өш алуға ұмтылу», - деп есептейді ол.

Қаһарман өзіне деген араздықты некеден кету туралы шешімімен байланыстырды.

«Мен мұны өте қарапайым сөзбен түсіндірейін. Ол мені кезінде өзі жасауы керек болған қадамды жасағаным үшін жек көреді деп ойлаймын. Меніңше, оның түсінігінде бәрі өзгереді деп үміттенуім керек еді. Бірақ мен басқа жолды таңдадым», -деді ол.

Сөз соңында Қаһарман сот процестері мұнымен аяқталмайтынын білдірді. Ол сондай-ақ алимент өндіріп алу туралы өзі де сотқа арыздану мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтты.

«Соттар туралы сериалым жалғасатын сияқты. Мүмкін енді мен де алимент өндіру туралы талап-арыз берермін, өйткені олар толық көлемде төленбеді деп санаймын», - деп түйіндеді ол.