06.08.2026, 10:35

Көпірсіз Көктaл: Алматы облысында 2,5 мың тұрғын күн сайын ажалмен бетпе-бет келуде

коллаж: Sn.kz

Салдарынан 300-ге жуық оқушы мен жергілікті тұрғындар күн сайын зырлаған көліктердің арасынан өтеді.

Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Көктaл ауылында мектеп, амбулатория, дәріхана және тіпті тұрақты қоғамдық көлік атымен жоқ, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жұртты әбден ызаландырған басты мәселе — ауылды қақ жарып өтетін «Алматы – Қорғас» күрежолында жаяу жүргіншілер өткелінің болмауы. Салдарынан 300-ге жуық оқушы мен жергілікті тұрғындар күн сайын зырлаған көліктердің арасынан өтіп, өмірлерін қауіпке тігуге мәжбүр.

Сондай-ақ тұрғындар қарапайым медициналық көмек пен дәрі-дәрмек үшін де көрші ауылдарға такси жалдап сабылып жүр. Жергілікті әкімдік өткелді өз күшімен салып беруге дайын екенін айтқанымен, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы әлі күнге дейін нақты келісім бермей, мәселені созбалақтап отыр. Бір ауылды инфрақұрылымсыз қалдырып, халықтың өмірін елеусіз қалдырған жауапты мекемелердің бұл әрекеті жұрттың ашу-заңын туғызды.