05.08.2026, 22:30

Білім гранты иегерлерінің тізімі қай күні жарияланатыны белгілі болды

Фото: Егемен Қазақстан

Биыл конкурсқа қатысу үшін 127 мыңнан астам өтініш қабылданған.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек білім гранты иегерлерінің тізімі 7 тамыз күні жарияланатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

"Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсының қорытындысы 2026 жылдың 7 тамыз күні сағат 15.00-де төмендегі негізгі әрі ресми ақпарат көздерінде жарияланады", - деп жазды министр әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның айтуынша биыл конкурсқа қатысу үшін 127 мыңнан астам өтініш қабылданған.

Талапкерлердің басым бөлігі "Педагогикалық ғылымдар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" және "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" бағыттарын таңдады. Ал қабылдау науқанының қорытындысы бойынша болашақ аудармашылар, дипломаттар, заңгерлер, психологтар мен педагогтер даярлайтын білім беру бағдарламалары арасында бір гранттық орынға бәсекелестік ең жоғары болады деп болжанып отыр.