05.08.2026, 16:40

Өскеменде ірі көлемдегі бұршақ жауып, көліктер зақымданды (ВИДЕО)

Фото: ustinka.kz

Салдарынан бірнеше автокөлік зақымданды.

Өскеменде ірі көлемдегі бұршақ жауды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Ustinka.kz сайтына сілтеме жасап.

Қолайсыз ауа райы Металлургтер көшесі, Гоголь көшесі, Тәуелсіздік, Шәкәрім және Абай даңғылдарына, сондай-ақ Славский жағалауына дейін жеткен.

Салдарынан бірнеше автокөлік зақымданды.

Тұрғындардың айтуынша, бұршақтың ірілігінен бір көліктің алдыңғы әйнегі шағылған.

Куәгерлердің бірі қатты қорыққанын айтып, найзағай кезінде жарықтың бірнеше рет жыпылықтап, кейін сөніп қайта жанғанын жеткізді.

Өскемен қаласы әкімдігінің мәліметінше, коммуналдық қызметтер нөсер мен бұршақтың салдарын жою жұмыстарына кіріскен.