05.08.2026, 12:45

«Теміртауды егеуқұйрық жаулады»: Тұрғындар күрессіз қалды, әкімдік мәселені енді қолға алмақ

Фото: Видео скриншот

Антисанитария жайлаған шаһарда халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігі күн санап нашарлап барады.

Темиртау көшелерінде сұмдық жағдай орын алуда: егеуқұйрықтар аулаларда еркін жортып, қоқыс жәшіктерінің түбін қазып, тіпті кіреберістер мен балкондардың астына дейін каптап кеткен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Тұрғындардың айтуынша, бұл сұмдыққа толып кеткен контейнерлер мен қоқыстың уақытылы шығарылмауы себеп болып отыр. Шаһардың жаңа әкімі Сапар Сатаев бұл мәселенің бар екенін мойындап, негізгі себептің бірі коммерциялық нысандардың қалдықтары екенін алға тартты.

Ол бұл жағдайдың бақылауға алынғанын және дератизация жұмыстары өршітілетінін уәде етті. Дегенмен, тұрғындар әкімдік тарапынан нақты әрі жедел әрекеттердің кешігіп жатқанына наразы. Антисанитария жайлаған шаһарда халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігі күн санап нашарлап барады.