05.08.2026, 12:30

Жезқазған-Сәтбаев тас жолындағы апат»: Бұл жолдар қашанғы ажал апаны болмақ?

Фото: Видео скриншот

Өңір тұрғындары әкімдіктен бұл бағыттағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етуде.

Әлеуметтік желіде Жезқазған мен Сәтбаев қалаларын байланыстыратын тас жолда болған ауыр жол-көлік оқиғасының видеосы тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Кадрлардан жеңіл көліктің жол жиегіндегі егістікке шығып кетіп, қатты зақымданғанын байқауға болады. Желі қолданушыларының пікірінше, бұл жолдағы апаттар жиілеп кеткен және оған жол сапасының нашарлығы басты себеп болуы мүмкін.

Өңір тұрғындары әкімдіктен бұл бағыттағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және жөндеу жұмыстарын тездетуді талап етуде.

Қазірше ресми органдар зардап шеккендер мен оқиғаның нақты себептері туралы ақпарат берген жоқ. Бұл мәселе биліктің жол инфрақұрылымына қатысты жауапкершілігін тағы да күн тәртібіне шығарып отыр. Жүргізушілерді жолда сақ болуға және жылдамдықты асырмауға шақырамыз.