30.07.2026, 13:00

АҚШ Иранға қарсы соққыларын қайта бастады

Фото: CENTCOM

Бұл туралы АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) мәлімдеді.

АҚШ Иранға қарсы жаңа әуе операциясын бастады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

30 шілдеде Қазақстан уақытымен сағат 05:00-де АҚШ әскері Иран аумағына жаңа әуе соққыларын жасай бастаған. Бұл туралы АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) мәлімдеді.

«АҚШ әскери күштері Иранға соққы бере бастады. Бұл операция – Иранның кеше Таяу Шығыста орналасқан америкалық әскери бөлімдерге шабуыл жасау әрекетіне берілген қатаң жауап», – делінген ресми хабарламада.

Қолбасшылықтың мәліметінше, әскери операция АҚШ-тың шығыс жағалауы уақыты бойынша кешкі сағат 20:00-де басталған.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп америкалық қарулы күштердің Иранға қарсы соққы жасайтынын ескерткен еді. Оның сөзінше, бұл шешім Тегеранның түнде Иорданиядағы АҚШ әскери базасына жасаған күтпеген шабуылына жауап ретінде қабылданған.

Тегтер: шабуыл Иран