Бұл туралы Reuters агенттігі саладағы үш дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.
Каспий құбыр консорциумы (КҚК) 27 шілдеден бастап Новороссийск маңындағы Южная Озереевка теңіз терминалы арқылы мұнай жөнелтуді қайта бастайды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Reuters агенттігі саладағы үш дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.
Консорциум 20 шілдеде терминал маңындағы танкерге ұшқышсыз ұшу аппаратының шабуылы жасалғаннан кейін мұнай тиеуді уақытша тоқтатқан еді. Экспорттың үзілуі салдарынан Қазақстан мұнай өндіру көлемін қысқартуға мәжбүр болған.
КҚК арқылы Қазақстанның экспортқа шығаратын мұнайының 80 пайыздан астамы тасымалданады. Құбырмен негізінен Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарында өндірілген мұнай жеткізіледі.
2026 жылдың алғашқы алты айында КҚК теңіз терминалы арқылы 33,4 миллион тонна мұнай жөнелтілген. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төмен көрсеткіш. Былтырғы алғашқы жартыжылдықта экспорт көлемі 36,025 миллион тоннаны құраған.
Каспий құбыр консорциумының акционерлері қатарында Ресей – 31%, Қазақстан – 20,75%, Chevron – 15% және басқа да жеке компаниялар бар.