Жерге «Роскосмос» ғарышкерлері Сергей Кудь-Сверчков пен Сергей Микаев, сондай-ақ, NASA ғарышкері Кристофер Уилльямс оралды.
«Союз МС-28» ғарыш кемесі миссиясын аяқтады. 26 шілдеде түстен кейін кеменің қону аппараты Жезқазған маңына жоспарлы түрде қонды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жерге «Роскосмос» ғарышкерлері Сергей Кудь-Сверчков пен Сергей Микаев, сондай-ақ, NASA ғарышкері Кристофер Уилльямс оралды.
Таңертең ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясының «Рассвет» модулінен ажырады. Бұдан кейін орбитадан шығып, Жерге қарай төмендей бастады.
«Роскосмос» мәліметінше, қайту барысының барлық кезеңі қалыпты жағдайда өтіп, ұшу бағдарламасына толық сәйкес орындалған.
Экипаж былтырғы қарашадан бері Халықаралық ғарыш станциясында жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде ғарышкерлер ғылыми зерттеулер жүргізіп, түрлі тәжірибелер жасап, станцияның қалыпты жұмысын қамтамасыз етті. Қону аймағында іздестіру-құтқару қызметтері алдын ала кезекшілік етті.
Аппарат жерге қонғаннан кейін экипажды «Роскосмостың» арнайы іздестіру-құтқару жасағы қарсы алды. Мамандар ғарышкерлер мен астронавтты қону аппаратынан қауіпсіз шығарып, эвакуациялады.