26.07.2026, 18:15

Мұнайлы өңірдегі ми батпақ: Ақтөбеде оқушылар мектепке қашанға дейін лай кешіп барады?

Фото: видеодан скриншот

Белгілі заңгер Нұрсұлтан Орынбек Ақтөбедегі инфрақұрылымның мүшкіл жағдайын айтып, облыс пен қала жолдарының тозығы жеткенін сыңға алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Оның сөзінше, Қарабұтақ – Ақтөбе бағытындағы және шаһар ішіндегі, әсіресе Қайрат Рысқұлбеков көшесіндегі ойлы-шұңқыр жолдар халықтың басты проблемасына айналған. Ең сорақысы – №33 орта мектептің қарсы алдында алпауыт «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» өндірістік ғимараты орналасқанымен, айналасындағы инфрақұрылым ширек ғасырдан бері мүлде өзгермеген. Тұрғындар мен оқушылар күздің қара суығында мектепке ми батпақ кешіп баруға мәжбүр, ал бұл жағдай 2001 жылдан бері шешімін таппай келеді. Табиғи ресурстарға бай өңірдің мұндай аянышты халында қалуы жергілікті биліктің халық пен қала болашағына деген жанашырлығының жоқтығын айқын көрсетеді. Жарты ғасырлық тәжірибесі бар журналистиканың тілімен айтқанда, бұл жағдай Шерхан Мұртазаның «Алтын сандық үстінде жалаңбұт отыр» деген ащы шындығын тағы бір мәрте дәлелдеп берді.