26.07.2026, 12:30

Алматыда жүк көлігі басқаруын жоғалтып, бетон бөгетке соғылды

Фото: видеодан скриншот

Оқиға Әуезов ауданындағы Саин көшесінде, Абай даңғылының жол өткелінің астында болған.

Алматыда Shacman маркалы жүк көлігі жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Оқиға Әуезов ауданындағы Саин көшесінде, Абай даңғылының жол өткелінің астында болған.

Алдын ала мәліметке сәйкес, солтүстік бағытта қозғалып келе жатқан жүк көлігінің жүргізушісі көлікті тізгіндей алмай, бетон қоршауға соғылған.

Соққының күші салдарынан жүк көлігінің кабинасы айтарлықтай зақымданған. Абырой болғанда, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері әкімшілік хаттама рәсімдеді.

Құқық қорғау органдары жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жылдамдықты жол жағдайына сай таңдап, көлік тізгінінде барынша мұқият болуға шақырды.