20.07.2026, 10:05

Көкшетау жағалауындағы әжетхана дауы: Тұрғындар тазалық пен жабық есіктерге шағымданды

Фото: видеодан скрин

Нәтижесінде демалыс аймағындағы бұл антисанитария қала тұрғындарының заңды наразылығын тудырды.

Көкшетау қаласының халық көп жиналатын жағалауында қоғамдық әжетханалардың жабық тұруы мен биоәжетханалардың антисанитариялық жағдайы қайтадан өткір мәселеге айналды, деп хабарлайды Sn.kzақпарат порталы.

Тұрғындардың айтуынша, мұндағы негізгі әжетханалар құлыптаулы, ал ашық тұрған биоәжетханалар іші қоқысқа толып, өте лас күйге түскен. Жанында арнайы бос қоқыс бактары тұрғанына қарамастан, кейбір қала тұрғындары қалдықтарды тура биоәжетхананың ішіне тастап кеткен. Бұл жағдай жергілікті инфрақұрылымның дұрыс жұмыс істемейтінін және тұрғындар арасындағы санитарлық мәдениеттің төмендігін көрсетіп отыр. Нәтижесінде демалыс аймағындағы бұл антисанитария қала тұрғындарының заңды наразылығын тудырды.

Видео: region03.kz